БРЮССЕЛЬ. Еуропа парламентінің депутаттары Еуроодақ елдерінің үкіметтерін АҚШ-тың Орталық Барлау басқармасының Шығыс Еуропада құпия түрмелері бар болуы мүмкін деген хабарларға байланысты белсенді түрде түсініктеме бермей отыр деп сынады. Адам құқықтары бойынша “Хьюман Райтс Уотч” ұйымы аталған түрмелерде ұсталып отырған 26 адамның аты-жөндерін жариялады. Испания мен Италия өздерінде бұндай түрмелердің жоқтығын хабарлады. Ал осы аптада АҚШ-ы бұл мәселеге орай түсініктеме беретінін айтқан-ды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы