АЛМАТЫ. Сөйтіп елдегі барлық сайлау учаскелері жабылды. Сайлауға 5 үміткердің түскені белгілі. Қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлау әділ өтеді деп уәде берген болатын, алайда оппозиция алдын-ала сайлауда бұрмалаушылық әрекеттері орын алады деп айтқан-ды. Алматыда өз дауысын берген оппозициялық үміткер Жармахан Туяқбай кейбір аумақтардан бұрмалаушылықтар туралы алғашқы дабылды хабарлар келіп жатыр деді.
Ал Астанада өз дауысын берген Назарбаев “бұл жылғы сайлау демократиялық түрде өтіп жатыр” деді. Қазақстандықтар елдің тұрақтылығы үшін дауыс береді деп сенемін деді Назарбаев. Ресми деректерге қарағанда, желтоқсанның 4-і күнгі кешкі сағат 6-дағы жағдай бойынша, Қазақстан сайлаушыларының 68 пайызы сайлауға қатысып, өз кандидаттарына дауыс берген. Сайлаудың бастапқы нәтижелері ертең жарияланбақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы