Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Иранды "шындығында қауіпті" деп мәлімдеп, өзінің бұдан бұрын айтқан бұл ел "зұлымдық белдеуіне" жатады деген сөздерін тағы қайталады


Вашингтон. Дж.Буш американдық телеарнаға берген сұхбатында АҚШ Иранмен мәселені дипломатиялық жолмен шешуді жалғастыра береді дей келе, бірақ Иран президентінің Израил турасында айтқандары мен бұл елдің ядролық бағдарламасы алаңдаушылық туғызатындығын да атап өтті. Буш алғаш рет 2002 жылы "зұлымдық белдеуі" деп үш мемлекетті - Солтүстік Корея мен Саддам билігі кезіндегі Ирақты және Иран елдерін айтқан болатын. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон Маккормак Махмұд Ахмаденижедтің Холокост қырғыны аңыз, ол Израилдың мұсылман әлемінде орын тебуі үшін сылтау деген жаңа мәлімдемесі айыпталуға тиісті, ақылға симайтын сөздер деп атады.
XS
SM
MD
LG