«Күндізгі шолғыншы» («Дневной дозор») фильмін жаңа жылдан бастап Қазақстанда көрсете бастаған «Отау-Синема» кинотеатрлар жүйесінің қызметкері Қазыбек Келдібаев аталған фильмге жұртшылықтың қызығушылығы зор екенін және оны көрермендердің көпшілігі отбасыларымен бірге келіп тамашалап жатқанын айтады. Қазірдің өзінде аталған фильмді Қазақстанда миллионнан астам адам көріп шықты. Осы қарқынмен кете берсе бұл картина алдындағы бөлімі іспетті «Түнгі шолғыншы» («Ночной дозор») фильмін әлденеше рет басып озатындығы белгілі болып отыр дейді ол. Және де «Отау-Синема» кинотеатрлар жүйесінің қызметкері Қазыбек Келдібаев аталған фильм бүгінде қанша ақша жинағандығын коммерциялық құпия ретінде әзірше айта алмаймыз дейді.
Ал осы «Күндізгі шолғыншы» («Дневной дозор») фильміндегі басты ролдердің бірін сомдаған актер Нұржыман Ықтымбаев аталған картинаның басты табысы сөз жоқ режиссер Тимур Бекмәмбетовтың кәсіби шеберлігінде екенін айтады.
Сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясының қызметкері Болат Жетекбай ресейлік киногерлердің бұл фильмнің біршама жерін Қазақстанда түсіргендігін бүгінде мақтанышпен айта аламыз дейді.
Сонымен қатар ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ғаділбек Шалахметов әлі талай табыстарға жететін аталған фильмді қазақ жігітінің түсіріп жүргендігін мақтанышпен айтуымыз керек дейді. Картинадағы тарихи оқиғалардың қазақ тарихымен тамырлас жатуы да режиссердің көркемдік шешімді сәтті шығара білгендігінің көрінісі дейді Ғаділбек Шалахметов.
Және де Ғаділбек Шалахметов аталған фильмде қазақы танымды өзек етіп алынғаны қазақстандықтар үшін де үлкен табыс екенін айтады.