ТАШКЕНТ. Өзбекстанда “Езгілік” атты адам құқын қорғаушы ұйымның өкілі Ділмұрад Мухиддинов 5 жыл мерзімге түрмеге кесілді. Біздің Радиомызға аталмыш ұйымның жетекшісі хабарлағандай, өзбек соты Д.Мухиддиновты Өзбекстанның конституциялық жүйесін құлатпақ болды және президент И.Кәрімовтың ар-намысына тиді деп тапты. Басқа адам құқын қорғауш 4 кісі түрлі мерзімге шартты түрде сотталды. Бұл сот процесі сырт көзден жабық өтті.
“Әндіжан қырғынына” байланысты 150-ден астам адамды соттаған Өзбекстан енді адам құқын қорғаушыларға кірісті
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы