Сонымен қазақстандық саяси сарапшылардың болжамы дөп келді. Шындығында да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының алдында елдің алтыншы премьер-министрін әзірге ауыстыруға құлықты емес екенін байқатты. Өйткені, президенттің сөзіне қарағанда 14 жылдың ішінде Қазақстанда өзінің қатысуымен үш рет өткен президент сайлауының соңғысына көңілі қатты толатынын жасырмады. Әрине, президент бұл жеңіске Даниал Ахметов басқарып отырған команданың да үлесі бар екенін екшелеп айтты.
«Даниал Ахметов Үкімет басында отырған екі жарым жыл ішінде экономиканың жоғары өсімі сақталды, тұрғын үй индустриалды бағдарламасы оң нәтижесін бере бастады, ауыл шарушалығы саласында да ойға қойған мақсаттар жүзеге асып жатыр. Әлеуметтік саладағы бағдарлама жұмыс істеді», – деп президент жаңа кезеңдегі Үкіметтің тұтқасын тағы да Даниал Ахметовке ұстататындығын жеткізді.
Осыдан кейін Парламент депутаттары екінші кезеңге Үкіметті басқаруға қайта ұсынылып отырған Даниал Ахметовке сұрақтарын қойды. Алайда, осыған дейін көзі жоқта Үкімет басын сынаумен келе жатқан депутаттар бұ жолы Даниал Ахметовті мақтап-марапаттаудан әрі аса алмады. Тек Мәжіліс депутаты Амангелді Айталы мен Сенат депутаты Әбіш Кекілбай Үкімет кәсіби түрде мемлекеттік тіл – қазақ тіліне түбегейлі қашан көшеді деп, қазіргі Үкіметтің толыққанды қазақ тілінде сөйлемейтіндігін сынға алды. Бұл сұраққа Үкімет басшысы қызметіне қайта отырған Даниал Ахметов былайша жауап берді:
– Биылғы жылы тілді дамыту бағдарламасына 500 млн теңге қосымша бөлдік. Сосын бір жарым млн теңге облыстардан бала-бақша салу үшін қаражат бөлдік.
Алайда мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде Мемлекет басшысының өзі де араласып, «зиялы қауымның аузынан зиялы сөз шығуы керек», деді мемлекеттік тілдің мәртебесін қашан көтереміз деп жүрген депутаттарға арнап.
– 40 проценттен артық жұрт Қазақстанда басқа ұлт болып саналады. 55 пайыз қазақтардың жартысының өзі қазақша сөйлемейді. Кешегі 4-желтоқсанда бүкіл қазағы, орысы, татары, ұйғыры болмай барлығының біріккендігін естеріңізден шығармаңыздар. Бір адам сияқты болғандай болдық. Соның арасына жік салудың ешқандай қажеті жоқ, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар сенатор Әбіш Кекілбай Үкіметте, әкім қызметтеріне өз мүддесін ғана ойлайтын бизесі бар адамдар емес, менеджерлер отыруы керек деген ойын айтты. Бұл мәселеге Даниал Ахметов алда ескеретін боламыз, деп шектелді.
Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент Мәжілісінде отырған үлкен қызы Дариға Нұрсұлтанқызы «Азаттық» радиосына берген сұхбатында қазіргі үкімет мүшелерінің арасынан оппозиция өкілдерін көргісі келмейтіндігін ашық айтты:
– Ең біріншіден үкіметтің мүшелері өте биік мамандар болуы керек. Білімді азаматтар болуы керек. Ел, халық білетін азаматтар болуы керек. Қазіргі кезде осы оппозицияның арасында Үкіметте істейтін үлкен сапаға сәйкес ешбір азамат жоқ деп ойлаймын, – деді Дариға Назарбаева.
Ал бұрынғы Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақияновтың шартты мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына байланысты былай деп жауап берді:
– Ғалымжан Жақияновтың қамаудан шығуы бір жағынан оппозицияны күшейтетін шығар, егер олар өздерінің азаматтықтарын көрсетіп біріксе, екіншіден олардың жағдайлары нашарлайтын шығар. Біріге алмай, әрқайсысы «мен көшбасшы болам» деп, көп сөз жүргізсе, онда, әрине, алдағы үш-бес жылдың ішінде оппозиция күшеймейді.
Ал президенттің ұсынысына бір ауыздан қолдап дауыс берген депутаттардың алдында Үкімет басшысы Даниал Ахметов президенттің сенімін ақтаймын деп уәде етті.