Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер ұрланған 5 кісі босатылып, полиция бастығы оққа ұшты


КАБУЛ. Бүгін Ауғанстан полициясы ұрланған 5 кісіні босатты. Полиция мен 5 адамның бірі хабарлағандай, 7 тәліптен тұратын қарақшылар тобы оларды оңтүстіктегі Гилменд өлкесінен алып кетіп, көрші Қандағар өлкесіне күштеп жеткізген кезінде полиция тарапынан босатылған. 5 кісінің үшеуі АҚШ-тың қауіпсіздік компаниясында қызмет істеген көрінеді. Осы кезде Газни өлкесінде жергілікті полицияның бастығы тасадан жасалған шабуылдан қаза болып, тағы 1 полиция қызметкері жараланды.
XS
SM
MD
LG