ПРАГА. Бүгін Ташкентте “Күншуақты Өзбекстан” коалициясының мүшесі Нодира Хидоятоваға байланысты сот шешімі шығарылады деп күтілуде. Ал аталған коалицияның төрағасы Санжар Умаровтың соты бүгін кешірек басталуға тиіс болған, бірақ ол кейінге қалдырылды. Қамауға алынған бұл оппозиция мүшелеріне экономикалық қылмыс жасады деген айыптар тағылған, бірақ олардың қолдаушылары Умаров пен Хидоятова саяси себептермен ұсталған дейді. Алайда Өзбекстан бас прокуратурасының өкілі Светлана Ортиқова “Азаттыққа” берген сұхбатында бұл болжамды жоққа шығарды. “Күншуақты Өзбекстан” коалициясы мамыр айында орын алған Әндіжан оқиғаларына байланысты Өзбекстан үкіметін сынап келген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы