ТБИЛИСИ. Кеше Грузияның энергетика министрі Ника Гилаури телекамералардың алдында Иран-Әзірбайжан-Грузия газ құбырын өзі бұрап ашып, 35 жылдан кейін Иран газының Грузияға қайта оралуына өзінің бақытты екенін мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, бұдан былай Грузия жалғыз Ресей газына тәуелді болмай, газды бір мезгілде Әзірбайжаннан, Ираннан және Ресейден импорттап алып отыруды көздейді. Әзірбайжан мен Иран газының арқасында Гардабан жылу-электр стансасын іске қосып, елді, оның ішінде Тбилисиді электр қуатымен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік берді. Алайда электр қуаты қатаң кесте бойынша беріліп тұр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы