ЛОНДОН. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлы Британияның сыртқы істер министрлері Иранның “ядролық мәселесін” Қауіпсіздік Кеңеске жолдау қажеттігіне келісті. Лондондағы бас қосудың нәтижесінде қабылдаған бірлескен мәлімдемесінде министрлер атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі 2-ақпанда өтетін отырысында Иранның “ядролық ісін” Қауіпсіздік Кеңеске беру туралы қаулы қабылдауға тиіс деп көрсетті. Әйтсе де аталған 5 ел Қауіпсіздік Кеңес “Иранның ісін” оның ядролық бағдарламасы туралы МАГАТЭ агенттігі жаңа баяндамасын жариялайтын наурыз айына дейін қарамай тосуға тиіс деп атап көрсетті. Қауіпсіздік Кеңес Иранға экономикалық немесе тағы басқа жаза қолдану туралы Қарар қабылдауы ықтимал. Өз кезегінде Иран ядролық бағдарлама бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп, астыртын түрде ядролық қару шығармақ болғанын жоққа шығарып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы