Мұхаммед ғалейхиуассалам пайғамбарды әжуалық сипатта бейнелеген суреттердің жарияланғанына ызалы шерушілер наразылығы саябырсыр емес. Мысалы, Теһрандағы Дания елшілігі алдында жиналған шерушілер “Алла Ұлы! Алла Ұлы!” деп ұрандатып тұрды.
Ал, Құрама Штаттарында жағдай басқаша болып тұр. Мұндағы “Филадельфия Инкуайре” басылымы сенбі күні аталған сайқы-мазақ суреттерді көшіріп басқан болатын. «Оқырмандар болып жатқан оқиға жөнінде кеңінен мағлұматқа ие болсын дедік», деп мақсаттарын түсіндірісті олар. Бұған орай 20 шақты адам ғана аталған қалада жиналып, наразылықтарын білдірісті.
Бұл карикатуралар алғаш рет қыркүйек айында, Данияның «Жилландс постен» газетінде басылған еді. Бұған орай наразылықтар қаңтардың соңына қарай пайда болып, Дания газетін қолдайтындықтарын білдіріп, сондай-ақ пікір білдіру бостандығына байланысты хұқықтарын қорғау үшін ол суреттерді бақса да басылымдар көшіріп жариялаған еді.
Құрама Штаттарынан тыс жерлердегі Мұсылман ұйымдары басшылары шерушілерді тыныштандыруға тырысуда. Еуропа басылымдарындағы сөз, пікір бостандығына төзімділікпен қарауға оларды шақыруда. Америка мұсылмандары қауымдастығының директоры Есам Омейш Уашингтонда, журналистер алдында дүйсенбі күні сөйлеген сөзінде мұсылмандар ешқандай цензураны талап етпеуі тиіс, деген еді. Сондай-ақ аталған суреттерді көшіріп баспаудағы ұстамдылықтарын Америка басылымдары одан әрі жалғастыруы тиіс, деп айтты. Ал, Америка мұсылмандары қауымдастығының тәуелсіз қорының атқарушы директоры Махди Брейдің пікірінше, қандай дін өкілі екендігіне қарамастан қасиетті тұлғалар туралы сайқы-мазақ суреттер салу дұрыс емес. Ондай кез-келген жарияланым арандату боп табылады.
«Күстаналау, ол еврей немесе християн қауымдастығында болсын, күстаналау боп табылады. Оны кім жүзеге асырса да, ол теріс қылық деп есептеледі», - деді Брей мырза.
Уашингтон қаласындағы Джордж Уашингтон университетінің баспасөз және бұқаралық істер жөніндегі профессоры Марк Фелдштейннің айтуынша сөз бостандығы жөніндегі америкалық көзқарас - абсолютті күйде.
Ал, 1919-шы жылы Құрама Штаттары Жоғарғы сотының шығарған заңында қоғамға қауіп төндіретін сөзге қолдау көрсетуге болмайды, делінген еді. Фельдштейннің пікірінше, пайғамбар ғалейхиуассалам жөніндегі бұл сайқы-мазақ суреттер ондай қауіп тудыра қоймайды. Оның айтуынша, АҚШ Ата заңын жазғандардың сенімінше, барлық көзқарастар ашық түрде білдірілуі тиіс. Сонда ғана халық қай ақпараттың дұрыстығын өздері шешетін болады, дейді Фельдштейн.
Сондықтан америкалық көптеген басылымдардың осы келемеж суреттерді жарияламай жатқандығына ол алаңдап отыр. Мұның өзі саяси сыпайылық емес пе екен, деген таңданысын да жасыра алмауда. Фельдштейн әлгі суреттерді интернеттен арнайы іздеп тапқандығын, ал өзге оқырмандар үшін ақпаратқа қол жеткізудегі мұндай қиындықтың қажеті жоқ, деген пікірін айтып отыр.