Accessibility links

А.Шәріпжанов, Е.Тәтішев, З.Нұрқаділов, енді міне А.Сәрсенбайұлы... келесі кім?!


АЛМАТЫ. Түрлі ақпарат көзінің хабарлауынша, бүгін, ақпанның 13-і күні “Нағыз “Ақ жол” Демократиялық партиясының 3 тең төрағасының әрі “Әділетті Қазақстан үшін” қоғамдық қозғалысы лидерлерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы белгісіз жағдайда қаза болды. “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысын сілтеген Kazakhstan Today агенттігінің хабарлауынша, А.Сәрсенбайұлы аң аулау кезінде құрбан болған. Оның қазасын “Нағыз “Ақ жол” партиясы өкілі Айдос Сарымов растады. Бірақ қайғылы оқиғаның жай-жапсарынан бейхабар екенін хабарлады.

43 жастағы А.Сәрсенбайұлы – 1993-інші жылдан бері Қазақстанның баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, 2001-інші жылдан Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі сынды жауапты қызметтерді атқарды. Соңғы жылдары саяси оппозиция лидерлерінің бірі болды.
XS
SM
MD
LG