Accessibility links

Пәкістан басшылығы Исламабадтағы шеруді тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды


Ол сондай-ақ қатаң қолды діни партиялардың 100 шақты белсендісін бүгін қамап тастаған болатын. Ол партиялар Мұхаммед ғалейхиуссалам пайғамбарды келемеж еткен суреттерге орай қарсылық шараларын бүгін кешкілік ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Жамаат-ал-Ислами коалициясының басшылары болса үй жағдайындағы тұтқында қалды. Ақпанның 18-і күні ел өкіметі Исламабадта жиындар мен шерулердің барлық түріне тиым жариялаған болатын. Коалиция басшылары бұл тиымға қарсы шығуда.
XS
SM
MD
LG