Accessibility links

Иранның ядролық мәселесі келіссөз арқылы шешіле ме?


Бүгін Иранның сыртқы істер министрі Манучехр Моттақи Теһранның даулы ядролық бағдарламасы мәселесін Батыспен келіссөз арқылы шешсе болады деді. Бұл туралы ол Бельгия сыртқы істер министрімен кездесуінен кейін айтты. Иран ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған дағдарысты бейбіт түрде шешкісі келеді, сондықтан ол осыған байланысты жаңа ұсыныстарды күтеді, деді Моттақи. Бірақ министр Теһранмен арадағы ядролық келіссөздерде Еуропа елдері әділетсіз позиция ұстануда деп айыптады:

“Еуропамен қарым-қатынастарымызда біз ылғи әділ бағытты ұстанамыз және міндеттемелерімізді орындаймыз. Бірақ олардың бізге деген қарым-қатынасы ондай емес”.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG