Accessibility links

Кеше Ирақтың Самарра қаласында шиит мұсылмандарының қасиетті ғибадатханасы жанында қатты жарылыс болды


Самарра. Ғимаратқа зақым келтірілген. Күдікті деген бірнеше адам ұсталды. Ирақ шиитерінің діни жоғары жетекшісі Аятолла Әли әл-Систани шииттерді сунниттерге қарсы шабуылдарға бармай салқынқандылық танытуға шақырды. Дегенмен де кейбір хабарларға қарағанда бірқатар суннит мешіттеріне шабуыл жасалған. Президент Жалал Талабани жарылыс жасаушыларды елдің бірлігіне нұқсан келтіріп, коалициялық үкіметтің жұмысына кедергі жасаушылар деп айыптады. Иранның рухани көсемі Аятолла әл-Хаменей бір апталық қара тұту жөнінде ұсыныс айтты, ол шииттерді мұсылмандардың өз арасында жанжал туғызатындай қадамдарға барудан сақтандырды.
XS
SM
MD
LG