Алтынбек Сәрсенбайұлының және оның көмекшілері Бауыржан Байбосынов мен Василий Журавлевтың қазаларынан кейін тура екі апта өткен соң Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаммеджанов қылмыстық іс толықтай ашылды деп мәлімдеме жасады. Бірақ ол тергеу жұмыстарының әлі бірнеше айға созылу мүмкіндігін айтты. Сонымен Бауыржан Мұхаммеджановтың сөздеріне сенсек, Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне басты тапсырыс берген адам – Сенат аппаратының басшысы болған Ержан Өтембаев. Ішкі істер министрінің айтуынша, Ержан Өтембаев жеке басы үшін Алтынбек Сәрсенбайұлынан кек алуды місе тұтқан. «Өйткені Алтынбек Сәрсенбайұлының республикалық газеттердің бірінде Ержан Өтембаевты сынаған мақалалары жарық көрген. Осыдан кейін Ержан Өтембаевтың өзінің айтуы бойынша қызметтік мансабы бірден құлдырай бастаған», – дейді Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаммеджанов:
– Алтынбек Сәрсенбайұлының мақаласынан кейін кек алу мақсатында Ержан Өтембаев 2005 жылдың аяғында Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бұрын жұмыс істеген өзіне бұрыннан, бірнеше жылдар бойы жақсы таныс Рүстем Ибрагимовке марқұмды ұрып-соғу жөнінде тапсырма береді. Бірақ Рүстем Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбайұлын ұрып-соғу оңайға соқпайтынын түсіндіріп, оның қасында үнемі жүргізушісі мен оққағары жүретіндігін айтады. Сөйтіп Рүстем Ибрагимов кек алғысы келсе, куәгерлер болмас үшін Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін бірден өлтіру керек деген ұсынысын білдіреді. Көп ойланып Ержан Өтембаев Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген, – дейді Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаммеджанов.
Б.Мұхаммеджановтың айтуынша, өзінің қылмысын Ержан Өтембаев мойындап отыр. Министр сонымен бірге Ержан Өтембаевтың қауіпсіздігіне толық жағдай жасалғанын және оның денсаулығының жақсы екенін айтты. Ал қаржыны қайдан алды деген журналистердің сұрағына Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаммеджанов Ержан Өтембаев өзінің тапсырмасын орындаған адамдарға ақша беру үшін 60 мың долларды банктен несиеге алған деп жауап берді.
Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне тәуелсіз тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Жармахан Тұяқбай бастаған комиссия Ішкі істер министрінен, Бас прокурордан Алтынбек Сәрсенбайұлының басты оппоненттері болған президенттің күйеу баласы Рахат Алиевті, президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваны және белгілі кәсіпкерлер Алесксандр Машкеевичтерді тергеуге алуын сұраған еді. Осы мәселеге қатысты Бауыржан Мұхаммеджанов:
– Неге біз олардан сұрау алуымыз керек. Олардың аты-жөндерін ешкім айтып жатқан жоқ. Кімнің аты-жөндері осы іске қатысты аталды. Біз олардан міндетті түрде сұрау аламыз, – деп жауап берді Ішкі істер министрі.
Бірақ Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне тәуелсіз зерттеу жүргізіп жатқан қоғамдық комиссияның төрағасы Жармахан Тұяқбай Қазақстанда көптеген жазықсыз адамдар қылмыстық іс ашылмаса да сотталып кетіп жататын жағдайдар жиі кездесетіндігін айтты:
– Менің ойымша, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы Ержан Өтембаев жайында соншалықты кектенетіндей бірнәрсе айтқан да, жазған да емес. Қазақстанда күдікті ретінде ұсталған адамдардың барлық қылмысты мойындап, ертеңіне ешқандай қатысы жоқ болып жататын жағдайлар көп кездеседі. Менің қорқатыным, сондай жағдай болып кетпесе деп.
Ал марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туған бауыры Рысбек Сәрсенбайұлы қылмыстық іс толық ашылған жоқ дейді:
– Менің бауырым Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына қатысты Ішкі істер министрі айтып жатқан ертегіге мен түгілі немерем де сенбейді. Қылмыс ешқандай да толық ашылған жоқ. Ешкімнің де оны ашқысы да келген жоқ. Егер қылмысты ашқылары келетін болса, онда мұны саяси тапсырыспен болған кісі өлімі деп қарастыру керек еді. Біріншіден бұл болжамды олар қаперге де алған жоқ. Өтембаев пен менің бауырым Алтынбек Сәрсенбайұлының арасында ешқандай өшпенділік болған жоқ. Егер Өтембаев соншалықты намысқой адам болатын болса, намысы үшін сондай кісі өлтіруге дейін баратын қайсар адам болатын болса, ол сол мінезін баяғыдан бері қарай көрсетер еді.
Рысбек Сәрсенбайұлы сонымен қатар тергеу жұмысы Ержан Өтембаевтың әлсіз жерін пайдаланып отыр деп есепейді:
– Менің естуімше, Ержан Өтембаев арақ ішуді жақсы көретін адам. Оны ішкізіп, мас қылып алып, бәлкім қайрап – қайрап Алтынбек саған осындай сөз айтты ғой, сенің обалыңа қалды ғой деген сөздерден кейін барып, Өтембаев мастықпен «ия, мен Алтынбекті қырам да, жоям» деп айтып қалса, сол айтқанын бір бейне таспаға немесе аудио таспаға жазып алса, соны көлденең тартып жүрсе онда мен білмеймін. Бұл Өтембаев жауыздыққа барады дегенді ешкім де айта алмайды.
Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаммеджанов Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты өткен жексенбі күні кешкісін тағы да екі азаматтың ұсталғанын айтты. Олар - 1972 жылы туған, ішкі істер басқармасының қызметкері Гаджиев Әлімжан және 1972 жылы туған, Алматы заң колледжінің қызметкері Садықов Аслан. Ішкі істер министрінің айтуынша, олар дәнекер ретінде қатысы бар деп күдіктеліп отыр.
Ақпанның 11-не қараған түні Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері Бауыржан Байбосынов және Василий Журавлевтар зұлымдықпен өлтірілген еді. Алтынбек Сәрсенбайұлы көптеген жылдары Ақпарат, мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Қазақстанның Ресейдегі Елшісі болды. Кейінгі жылдары Қазақстан билігінің жүргізіп отырған саясатымен келіспей оппозицияға кеткен еді. Ол «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі, «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы болды.