Бүгін түске дейін Бағдатта екі жарылыс болып, оның кесірінен кем дегенде 17 адам көз жұмды. Мысалы, Бағдаттың шығысында көлікте болған жарылыстан 14 адам қаза болған екен. Содан бірнеше сағат бұрын көлікке қойылған жарылғыш іске қосылып, ол тағы үш адамның өмірін алып кеткен болатын.
Осыдан бір апта бұрын Самарра қаласында, шииттердің қасиетті мекенінде аса күшті жарылыс болғаны белгілі. Содан бергі аралықта шиитер мен сүнниттер бір-бірінен кек алу мақсатында екі жақтың да мешіттеріне, олар тұратын аймақтарға шабуыл жасап бағуда. Мысалы, сондай қақтығыстар кесірінен ақпанның 28-і күні Бағдатта 60 адам қаза болған. Жарылыстың бірі Бағдат орталығындағы Каррада ауданында болған.
“Бағдаттың әл-Жадида деген жерінде жұмыс іздеп, жиналып тұрғандар қасына көгілдір «ДЭУ» көлігін мінген бір адам келіп тоқтады. Ол өзінің бір жұмысын атқарып беретін жұмыскерлердің қажет екендігін айтты. Сөйтіп, ол адам қалтасына қолын сала берген кезде үлкен жарылыс болды. Бұл қадамдарды біз қатты айыптаймыз”, - деді куәлардың бірі Мұхамед Хайдер есімді азамат.
Жаңа Бағдат деген ауданда жанармай құятын бекетте болған жарылыстан тағы басқа да азаматтар көз жұмған. Ал, Саддам Хусейннің әкесінің қабірі жанына орнатылған мешітті бүлдірген жарылыстан ешкім зардап шекпеген. Мешіттерге шабуыл жасау, бұл әрекеттердің секталық негізде жүзеге асырылып жатқандығын көрсетіп отыр, дейді сарапшылар. Мұндай бөлінушілік Саддам Хусейн билігі тұсында тереңдеп кеткен, дейді сарапшылар.
Бұдан үш жыл бұрын АҚШ күштері Ираққа енгелі бергі аралықта секталық қақтығыстардың ең бір өршіп кеткен тұсы осы апта барысында болып отыр. Бұл оқиғаларға орай АҚШ елбасы Джордж Буш сейсенбі күні былай деді:
“Осы демалыс күндері мен Ирақтың 7 басшысымен сөйлестім. Жағдайдың күрделілігін олар түсініп отыр. Олар өз қалауларын жасады. Олар Ирақты біріктіретін өкімет үшін жұмыс істейтін болады”.
Елде Ұлттық бірлік үшін өкімет жасақталатын болады. Өкімет басшысы Ибрагим әл-Жаафаридің айтуынша осы бағытта бүгін келіссөздер одан әрі жалғасуда. Ол өкімет желтоқсандағы парламенттік сайлаулар қарсаңында жұмыс істейтін болады. Жаафари мырзаның айтуынша, осы орайда партиялар ішінде сөйлесулер жалғасуда.
“Өкімет құрамы мүмкіндігінше таяу арада жасақталмақшы. Оның құрамы кең тұрғыда, қоғамдағы барлық саяси, әлеуметтік негіздерді қамти отырып жасақталмақшы”, - деді Ирақ өкімет басшысы.