Американың автоматтандырылған “Кассини” ғарыш аппараты 2004-інші жылдың маусым айынан бері алып Сатурн жұлдызын айналып ұшып жүрді. Өткен қараша айында ғарыш аппараты Сатурнның 18-інші ғасырдан бері белгілі “Энцеладус” деп аталған серігіне немесе айына жақындап келіп, оны суретке түсірді. Ол суреттер 10-ыншы наурыз күні “Ғылым” журналында жарық көріп, сарапшылар оларды “шынында да таңғажайып” деп бағалады.
Кэролин Порко – АҚШ-тың Колорадо штатындағы “Boulder” мекенінде орналасқан Ғарыштық ғылым Институтының “Cassini” аппараты тобының жетекшісі болып табылады.
“Энселадустың” суреттерінен біз оңтүстік полюстің үстінде сұйық су көздерінің барлығына көз жеткіздік. Біздің болжауымызша, оңтүстік полюс аумағынан біз суреттерден жоғары қарай атқылаған сұйық су мен будың гейзерлерін көреміз”, - дейді К.ПОРКО.
Кэролин Порконың айтуынша, ғарыш аппаратының фотокамералары байқаған гейзерлер ғарышқа қарай 100-деген шақырымға су бөлшектерін атқылап тұр. Оған қоса, гейзерлер атқылаған судың буы аз ғана процент метаннан және пропан сынды қарапайым органикалық заттардан тұратынын өзге құрал-саймандар да толық растады. Ғалымның айтуынша, ғарыш аппаратының зерттеу құралдары, сонымен қатар, гейзерлер аңғарылған әлгі айдың бетінен ыстық көздерін де байқаған.
“Бұл – айдың бетіндегі ең жылы жер. Оңтүстік полюстің шаршы метріндегі температура - жер бетіндегі ыстық көздерінен іс жүзінде әлдеқайда жоғары...”, - деді К.ПОРКО.
Кэролин Порконың түсіндіруінше, сұйық судың көздері шамамен 10 метр тереңдікте немесе Айдың бетіне жақын орналасқан сияқты. Оны, деп санайды ғарыш зерттеуші ғалым, ай бетінің температурасынан және мұздың қалыңдығынан анықтауға болады. Сонымен қатар, сұйық су айдың бетінен мұз болып қатпай жатқанында аңғарылған-ау деген болжам бар.
“Энцеладус”-тың диаметрі бар-жоғы 500 шақырымға тең және оның мұз болып қатқан беті күн сәулесін қабылдамайды. Айдың бетінде шағын ғана кратерлер мен оның оңтүстік жарты шарында беті теп-тегіс, беймәлім көкшіл жолақтар бар, олар жаңа ғана қатқан мұзға ұқсайды. Кэролин Порконың айтуынша, айдың бетінде су атқылаған гейзерлердің болуы, оған қоса – вулканның қозғалысынан туатын жоғары температураның аңғарылуы және органикалық қоспалардың табылуы “Энцеладусты” – тіршілік нышанын іздеуге болатын бірден-бір жұлдыз етеді.
“Бұл бізге Энцеладустың оңтүстік полюсінде тірі организмдердің пайда болуына түрткі болатын “қоршаған ортасы” бар екенін нұсқап отыр. Егер біз болашақта өзіміздің дұрыс болшағанымызға дәлел таба алсақ, онда бұл бұрын-соңды болып көрмеген жаңалық болар еді. Біз қатты толғанып отырмыз”, - дейді К.ПОРКО.
Мұның таңғажайып жаңалық екенін өзге ғалымдар да мойындайды. Лондондағы Миллард университетінің ғарыштық ғылыми лабораториясының жұлдыздар бойынша маманы доктор Эндрю Коутстің пікірінше, соңғы тың мәліметтердің ғажаптығы – жер шарынан басқа күн жүйесінің өзге көптеген жерінде судың аңғарылып отырғандығында.
“Энцеладус, осылайша, күн жүйесіндегі, біздің білуімше, суы бар санаулы ғана жұлдыздың қатарына қосылды. Ол жұлдыздардан, ақыр аяғында, тіршіліктің табылуы да мүмкін”, - дейді Э.КОУТС.
Осыған дейін ғалымдар Юпитер жұлдызының Калолисто, Еуропа және Ганимед сынды серіктерінен сұйық су бар деп санап келген болатын. Осы кезге дейін Марс жұлдызында да қатып жатқан болса да судың нышаны аңғарылған еді. Ал Энцеладустың бетіне жақын тереңдікте ыстық судың болуына келер болсақ, Эндрю Коутстың пікірінше, суды ысытатын көз әлі жұмбақ күйінде қалып отыр. Сонымен қатар, деп атап көрсетеді доктор Эндрю, гейзерлер атқылаған судың мөлшері де ғажайып құбылыс болып табылады.
Кэрлин Порконың айтуынша, Энцеладусқа келесі жолы – 2008-інші жылы жақындаған кезінде “Кассини” ғарыш аппараты оның оңтүстік полюсі үстінен ұшпайды, яғни оңтүстік полюсті бақылайтын мүмкіндік аз болмақшы. Бірақ Порко ханым Энцеладусты көбірек зерттеп білу үшін ғарыш миссиясын кеңейту қажеттігін, одан да жақсы қадам – Энцеладусқа ғарыш кемесін отырғызу керектігін айтып отыр. Алайда, ешбір ғарыш агенттігі ондай сапарды жоспарлап отырған жоқ.