Астана тұрғыны Әсем Байгереева былтыр інісін емдеген дәрігерді сотқа бермекші болған. Бірақ, дәлел жоқтықтан бұл шара жүзеге аспай қалды, дейді ол. Әсемнің сөзінше, дәрігер науқас баланың қанын қайта құю керек деп, балаға абайсызда басқа топтағы қан құйып жіберіпті. Соның кесірінен баланың бір қолы дұрыс істемей қалған. Енді Әсем Байгереева міндетті түрде дәрігерлердің жауапкершілігін күшейту керек деп отыр:
- Әрбір адам ауруға шалдығуы мүмкін, бір жағынан бұл - үлкен қауіп. Сондықтан, меніңше, дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тарту орынды және заңды. Яғни, жаза артқан сайын жауапкершілік артатын болады деген сенімдемін. Әр дәрігер өз біліктілігін арттыру үшін және адам денсаулығын түзеу үшін оның құлшынысы арта түседі деп ойлаймын.
Жуырда денсаулық сақтау министрлігінің жанынан ашылған медициналық қызметтер сапасын қадағалау комитетіне Қазақстан дәрігерлеріне осыған ұқсас 400-ден астам шағым түсті. Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, шағымдардың 65 пайызында дәрігерлердің кінәлі екендігі дәлелденген. Шағымдардың бір бөлігі бойынша қаралған істер сотқа жіберілді. Қалған шағымдарда дәрігерлердің кінәсі жоқ, дейді министр.
Парламент мәжілісінің депутаты Уалихан Қалижанұлы осындай есеп жүргізетін комитеттің ашылуын құптап отыр:
- Енді тапсырманы министрлік береді. Ал, оның орындалуын жаңағы арнаулы комитет қарайды. Сондықтан да қазірдің өзінде дәрігерлердің үстінен шағымдар түскен. Бала өліміне, аналардың өліміне байланысты, адамдарға дұрыс ем бермеу, дұрыс диагноз қоймай, содан адамдар мүгедек болып қалып, болмаса қайтыс болып жатқан жағдайларға байланысты оны қажет болған жағдайда заң органдарына беруге құқылы.
Ал, Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, тұрғындардан түскен шағымдарға дәрігерлердің аздығы және мамандардың біліктілігінің төмендігі себепкер. Осы жағдайды ретке келтіру үшін, министр осы жылдан бастап дәрігер болам дейтін жастарға жаңа талап қойылатындығын хабарлады. Енді олар мамандық алып шығуы үшін 9-дан 11 жылға дейін оқуға тиіс болады. Келесі жылдан бастап барлық дәрігерлердің еңбек ақысы 30 пайызға өседі, деді министр. Ал, парламент мәжілісінің депутаты Уалихан Қалижанұлы осы жағдайды ретке келтіру үшін, қазір парламентте жатқан «Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жөніндегі заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын» тезірек қабылдау керек деген ұсыныс жасады, өйткені әлі де дәрігерлердің кесірінен шешілмей жақтан проблемалар көп, дейді депутат:
- Бұның ішінде асқынып тұрғаны - туберкулез. Қазақ қан түкіріп тұр, оны жасыра алмаймыз. Мысалы, емдеу мекемелері аудандарда, облыстарда шоғырланған. Онда есіктер ашық-шашық жатады. Ауру адамдар туберкулездің ашық түрімен ауырады. Ауылға, дүкендерге, базарларға барады, яғни, инфекция ары қарай тарап жатыр. Ана мен баланы қорғау мәселесінде әлі кемшіліктер көп. Бір жасқа дейінгі балалар өлімі әлі өте көп. Жақында ғана депутаттар министрдің атына сауал жолдадық, Талғар қаласында дәрігерлердің біліксіздігінен кішкентай бала шетінеген. Сондықтан, қазір парламентте «Жалпы халықтық денсаулығын сақтау жөніндегі заң жобасы» жатыр. Онда дәрігерлердің қателігінен адам өліміне жол берілген жағдайда қылмыстық жазаға тарту баптары бар. Бүгінге дейін мұндай талаптар жоқ болатын.
Парламент мәжілісінің депутаты Алшымбаевтың айтуынша денсаулық сақтау саласындағы жұмысты жақсарту үшін қаржыны ұлғайту керек:
- Денсаулық сақтау саласына берілетін ішкі жалпы өнімнің 2,8 пайызы өткен жылы да осындай болды. Биыл өсім жоқ.
Парламент мәжілісінің депутаты Амангельді Айталы да бұл пікірді құптап отыр:
- Бәсекелестікке қабілетті елдерде жалпы ішкі өнімнің 8 пайызы денсаулыққа жұмсалады немесе бізден үш есе артық қаржы. Біздің бұрынғы социалистік елдер Еуропадағы Чехия, Венгрия бізден екі еседен артық қаржы жұмсайды. Біз осы алыс Еуропаға жетпей-ақ осы Ресейдің деңгейіне жете алмай жүр екенбіз. Халқымыздың 30 пайызы 60-жасқа дейін өмір сүрмейді.
Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев бұл сұраққа былайша жауап берді:
- Екі жыл бұрын екі пайыздан бастағанбыз, қазір өсіп 2,8-ге жеттік. Үлкен мақсатымыз 2010 жылға дейін 4 пайызға жетеміз деген ойымыз бар. Өйткені бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 4 пайыз ең төмеңгі шегі. Бірақ, бір-екі жылда істеймін, Еуропа, Америка деңгейіне шығамыз деген ондай міндет бере алмай отырмын.