НАТО одағы Беларус елімен 11 жыл жүргізіп келе жатқан серіктестестік келісімін қайта қарастырып жатырмыз деп жариялады кеше. Бұған Беларустағы президент сайлауы батыс елдері тарапынан әділетсіз деп танылғаны түрткі болды. НАТО өкілі Джеймс Аппачурай Беларусқа қатысты қандай шара қолданылуы мүмкін екенін айтпады, дегенмен сайлау жаппай бұрмаланды, Беларуста саяси қарсыластардың қамалғаны НАТО одақтастарының көңілін қалдырып отыр деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы