Иран президенті Махмуд Ахмединежед өз елінің бірінші рет уран байытуды сәтті жүргізгенін мәлімдеді. Иран президенті ол жөнінде ұлттық телеарнадан айтты.
“Мен біздің құрметті Иранның әлемдегі ядролық елдер қатарына қосылғанын ресми түрде жариялаймын”, - деді Махмуд Ахмединежед.
Бұл орайда Ахмединежед Батыс елдері Техранға қысымын тоқтату керек деп ескертті. Оның айтуынша, Иран уран байытуды тек бейбіт мақсатта пайдалану үшін дамытады. Иранның ядролық істер жөніндегі ресмилері мәлімдегендей, Иран қорыту үшін қажетті 110 тонна уран газын өндірген. Ақ үй болса, “кері бағытта жүріп барады” деп, Иранды сынға алды. АҚШ департаменті Иранды халықаралық Қауымдастыққа мән бермей отыр деп айыптады. Батыс елдері Техранның ядролық қаруын дамытуға тырысуы алаңдатарлық жағдай деп айтуда. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранның уран байытуын 28-ші сәуірге дейін тоқтатуын талап еткен болатын, Иран ол талапты орындаудан бас тартты.