АҚШ, Франция және Германия халықаралық қоғамды уранды байыту жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр ету үшін Иранды қатаң дипломатиялық қысымға алуға шақырады. Францұз президентінің кеңсесі хабарлағандай, кеше болып өткен телефон әңгімесінде президент Жак Ширак пен неміс канцлері Ангела Меркель Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Ираннан уранды байыту жұмыстарын тоқтатуды заңды түрде талап ететін Қарарды қабылдауға тиіс екеніне келісті. Немістердің ARD телеарнасына берген сұхбатында президент Дж.Буш халықаралық қоғамды Иранның ядролық бағдарламасына бір майдан болып қарсы тұруға шақырды. Оның айтуынша, Иранның ядролық қаруға ие болуына жол беруге болмайды. Бүгін кешірек Нью-Йоркте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Ресей, Қытай, Франция, Англия, Германия сыртқы істер министрлерімен және Еуроодақ өкілімен Иранның ядролық проблемасын талқылайды. Ал кеше Иран Қауіпсіздік Кеңес Теһранға қарсы Қарар қабылдайтын болса, онда өзінің МАГАТЭ агенттігі құрамынан шығатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы