Accessibility links

Иран өзінің ядролық энергетикаға деген құқын қорғаған Түркиямен келіссөз жүргізеді


Иранның ядролық бағдарламасы бойынша ресми өкілі Әли Лариджани Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоганмен және өзге де түрік басшыларымен келіссөз өткізу үшін бүгін Анкараға ұшып келуге тиіс. Иранның уранды байыту өндірісін тоқтату туралы халықаралық қауымдастықтың талабын орындаудан бас тартуына байланысты АҚШ Иранды жалғыз қалдыруға тырысып бағуда. Ал НАТО-ның мүшесі болып табылатын Түркия Иранның бейбіт ядролық қуат өндіруге толық құқы барлығын қорғап келді, бірақ, сонымен бірге, Теһранды ядролық бағдарламасын ашық жүргізуге шақырды. Ресми Анкара Иранға өзінің ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық қоғаммен уәжге келуге тиіс дейтін сияқты.
XS
SM
MD
LG