Румыния астанасы Бухарестте Армения мен Әзірбайжан президенттері Таулы-Қарабах дау-жанжалына қатысты келіссөз өткізді. Бұл келіссөзге Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері делдал болды. АҚШ елшісі Стивен Манн “Азаттыққа” берген сұхбатында келіссөз “жақсы жағдайда” өтті деді. Армения президенті Роберт Кочарян мен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев осы жылы осымен екінші рет кездесіп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы