Жақында Солтүстік Корея құрылықаралық баллистикалық зымыран сынағын өткізуге дайындалып жатыр деген хабарлар тараған болатын. Жапония сыртқы істер министрі Таро Асо егер зымыран Жапония жеріне келіп түсетін болса, Токио мұны өзіне жасалған шабуыл деп бағалайды деп атап көрсетті. Жапонияның Киодо жаңалықтар агенттігі аты аталмаған дипломаттың «егер Солтүстік Корея зымыран сынағын өткізетін болса, АҚШ пен Жапония БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің алдына мәселе қоятын болады» деген сөздерін берген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы