Бүгін Ресей президенті Владимир Путин интернет арқылы конференция өткізіп, веб парақшаға кіруші ресейлік және шетелдіктердің сұрағына жауап береді. Онлайн конференциясын ресейлік Яндекс.ру мен ББС-дің веб парақшасы ұйымдастырған. Яндекс рудың редакторы Елена Колмановская өздеріне бұл ұсыныстың президент әкімшілігінен түскенін айтады.
“Бұл жоба туралы ұсыныс президент әкімшілігінен түсті. Президенттің баспасөз қызметі оны өздерінің интернет арқылы сұрақтарды жинағысы келетінін айтып, бізге ұсынды”, - дейді ол
Ол мәслихат Астана уақыты бойынша кешкі сағат 7-де басталады. Бұл парақшаға Ресей президентіне сұрақ қою үшін миллиондаған ресейлік тіркелген.