Украина президенті Виктор Ющенко тамыздың біріне дейін елдің премьер министрін таңдауға және парламентті таратпай елдегі саяси дағдарысты шешуге сөз берді. Ющенко сәрсенбі күні, жағдайды зерттеп, конституциялық мерзім шеңберінде парламентке үкімет басшысына кандидатты ұсынамын деп айтқан. Украиналық саяси партиялар наурыз айындағы парламенттік сайлаулардан бері колалициялық үкімет құру мәселесіндегі келіссөздерде бір мәмілеге келе алмай келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы