БЕЙРУТ: Жексенбіге қараған түні Израильдің соңғы 200 жауынгері Ливан жерін тастап шықты. Олардың орнында Ливан әскері мен БҰҰ-ның бірнеше мың жауынгерден тұратын бітім күштері қалды. Израиль осылайша өзі мен Ливанға бекінген “Хизболлаһ” ұйымының арасындағы 34 күнге созылған соғысты тоқтатқан БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Қарарының талап-шартын орындады. Сонымен бірге Тель-Авив егер Ливанның оңтүстігіне “Хизболлаһ” тобының партизандары қайта оралатын болса, онда өзі соғыс қимылдарын қайта бастау құқын сақтайтынын ескертті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы