Accessibility links

Лондонда Иран ядролық мәселесі талқыланбақ


Британия, Франция, Германия, Қытай, Ресей және АҚШ сыртқы істер министрлері бүгін Лондонда Иран ядролық бағдарламасының мәселесін талқылайды. Британия сыртқы істер министрлігінің өкілі тараптар Иранға қатысты келесі шараларды талқылайды деді. АҚШ БҰҰ арқылы санкцияларды жасау керек дейді, Қытай мен Ресей бұған қарсы. Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Солана кешегі сөзінде Иранды келіссөз жүргізуге одан ары шақырып отырмыз деді. Иран уран байытуымызды тоқтатпаймыз деп кеше тағы айтты, дегенмен келіссөзге ынтамыз бар деді.
XS
SM
MD
LG