Accessibility links

АҚШ-тық ресми Ресейде қысымға кезіккен грузин азаматтары үшін алаңдаулы


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Даниел Фрид Тбилисиде журналистермен кездескенде Мәскеуді Ресейдегі грузин азаматтарына қысым жасап жатқандығы үшін сынап сөйледі.

– Меніңше, экономикалық бойкот, әсіресе, ұлттық тегіне орай азаматтарға қысым жасау - бұл аймақтағы 21-ғасыр жағдайында төзуге болмайтын жәйт, - дейді Фрид.

Тбилисиде шпиондықта айыпталып 4 орыс офицері тұтқындалғалы бері Ресей аймағынан мыңдаған грузин азаматы шығарып жіберілді. Екі ел арасындағы көлік, пошта байланысы үзілді.
XS
SM
MD
LG