КАБУЛ: НАТО күштері мен Ауғанстанның үкімет армиясы өткен сенбі күні 150-дей тәліптің Урузган өлкесіндегі соғыс базасына қарсы ұйымдастырған шабуылына тойтарыс беріп, 70 тәліптің көзін жойды, 1 ауған жауынгері жараланды. Бүгін жол бойына орнатылған минаның жарылысынан НАТО-ның 1 жауынгері мерт болып, 8-і және тағы 3 бейбіт тұрғын жараланды. Сондай-ақ кеше НАТО өкілдері 24-інші қазан күні Кандагардағы тәліптердің шебіне әуеден соққы берген кезінде жергілікті тұрғындардың қаза болғанын растады. Пәкістанның ауған шекарасына жақын аумағында тәліптерді қолдайтын 5 мыңға жуық адам АҚШ-қа қарсы шеру өткізді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы