БРАЗИЛИА: Бүгін Бразилияда президент сайлауының соңғы сатысы өтіп жатыр. Онда қазіргі мемлекет басшысы Луиз Инасио Лула да Сильва анық жеңіске жететін сияқты. Да Сильва сайлаудың бірінші сатысында жеңе алмады, бірақ қоғамдық сауалнамаға қарағанда, өзінің басты бақталасы әрі Сан-Пауло қаласының бұрынғы әкімі Жеральдо Алкминнен басым дауыс алатын түрі бар. Өзін кедейлердің қамқоршысы ретінде көрсеткен Да Сильваның кедейленген Бразилия халқының арасындағы абыройы өте зор.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы