Аргентина соты Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани және ирандық бұрынғы 8 ресмидің 1994-жылғы бомба шабуылы қылмысына қатысы бар деп, халықаралық тұтқындау ордерін жариялады. Федералдық судья Родолфо Коррал ол бомбалауды адамзатқа қарсы қылмыс деп жариялаған болатын. Осыдан 12 жыл бұрын Буенос-Айрестегі еврейлер орталығындағы бомба жарылысынан 85 адам қаза тапқан еді. Бірақ, Иранның Аргентинадағы елшісі Бахарванд Иран Интерполдан ондай шараға бармауын талап ететін болады деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы