ИСЛАМАБАД: Пәкістан АҚШ-тың адамсыз ұшатын соғыс ұшақтарына өз жеріндегі террористердің шептеріне соққы беруіне жол бермейді. Кеше Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында Пәкістанның премьер-министрі Шауқат Әзиз мәлімдегендей, террористерге тойтарыс беруге Пәкістанның күш-қуаты жетіп артылады. Шауқат Әзиз бұл мәлімдемесін - “егер Пәкістаннан Усама бин Ладинның “Әл-Қаида” ұйымының ізі байқалатын болса, онда АҚШ Пәкістанда соғыс операциясын іске асырады” деген президент Дж.Буштың сөзіне қарсы айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы