Мамандығы дәрігер, қазірде Батыс Африкаданың Кот-Дивуар мемлекетінде келісім-шартпен жұмыс істеп жүрген Телжан Жүнісбеков, алғаш рет шетелге осыдан 20 жыл бұрын ерікті ретінде шыққанан есіне алады:
- Кеңес Үкіметінің тұсында Африканың Бурунди мемлекетіне КСРО-ның жергілікті халықты емдеу, көмек көрсету үшін, құрамында травматолог, хирург, акушер, лор дәрігерлері бар 17 адам келдік. Олардың ішінде алғашқылардың бірі болып, Бурундида 5 жыл қызмет атқардым.
Бірақ, 1991 жылға дейін, Телжан Жүнісбеков өзінде ерікті деген ресми мәртебенің болмағандығын айтады. Тек 1991 жылдың соңында еріктілер туралы тиісті құжаттарын толтырып, Женеваға хат жолдайды. Көп кешікпей Телжан Жүнісбековке «ерікті қатарына қосылдың» деген жауап хабар келген екен:
- Ерікті болу - күндіз-түні жұмыс істеу деп түсінетіндер бар. Бұл дұрыс емес. Кімдер ерікті бола алады? Әрбір азамат, әрбір адам, маман иесі, ерікті ретінде БҰҰ-да жұмыс жасауына құқылы. Өйткені, ол өзінің жинақтаған тәжірибесін жергілікті халыққа көмек ретінде көрсете алады.
Бурунди мемлекетінде 3 жыл қызмет жасаған Телжан Жүнісбеков БҰҰ-ның рұқсатымен, сол мемлекетке көрші жатқан Руандаға барған.
2003 жылы Руандадан Конгоға келген ерікті Телжан Жүнісбеков ол елде жергілікті халыққа медицина саласында қызмет көрсетіп, дәрігерлер біліктігін арттыруға атсалысқан. Ал 2004 жылы Австралия мен Индонезияның ортасында орналасқан Шығыс Тимур еліне келген сұхбаттасымыз 2005 жылы Қазақстанға қайтқан екен:
- Африка халқы өте қонақжай келеді әрі көппен араласқанды жақсы көреді. Олар қоғамда білімді маманды қатты сыйлайды. Өз басым білімнің арқасында жаман болған жоқпын. Бурунди, Руанда халқы әлі күнге дейін елдеріне шақырады. Оның үсіне өзім де, қай жерде жүрсем де, қазақтың салты мен дәстүрін, рухани құндылықтарды насихаттаудан жалыққан емеспін.
Ресми деректерге сәйкес, бүгінде БҰҰ еріктілері әлемнің 140-қа жуық, елдерінде жұмыс істейді екен. Оларда 157-ге жуық ұлт өкілдері бар. Ал Қазақстанда 60 тан астам БҰҰ-ның халықаралық еріктілері мен 16 ұлттық ерікті жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі Моңғол Халық Республикасынан келген Батсурэн Ээнжин.
- Мен Ұлан-Батор қаласында экономиканың түрлі салаларында жұмыс істедім. Моңғолия мемлекетіне де еріктілер көмегі өте қажет болғандықтан, ерікті болып алғаш қызметімді өз елімде бастадым. Жанұям бар. Олар менің қызметімді, шешімімді сыйлады. Әрине, ерікті болғаннан соң, істеген жұмысыңа, атқарған қызметіңе ақы талап ете алмайсың. Бірақ, мемлекеттің болашағына, оның дамуына қандайда бір үлес қоссаң одан артық бақыт бар ма? – дейді Батсурэн Ээнжин.
Мамандығы экономист Батсурэн ерікті болып, әлемнің бірнеше мемлекетінде қызмет атқарғаныпты. Канада елінде білім алған сұхбаттасымыз Қазақстанда еріктілерге деген көзқарас жақсы қалыптасқан деген ойын айтып отыр:
- Менің естіп, білуімше, Қазақстанда еріктілер тобы бұрыннан жұмыс жасап келеді екен. Әсіресе, Кеңес Одағының тұсында да ондай адамдар қатары көп болған. Әрине, сол кезде байқала бермеген шығар. Бір Қазақстанның өзінде еріктілермен жекелей жұмыс істеп, бағыт-бағдар беретін ұйымдар саны көптеп саналады. Мәселен, мен оны өзім барған Семей, Қостанай қалаларынан байқадым.
Жоғарыдағы еріктілер бүгінде Қазақстан жастары ерікті болуға мүмкіндіктері бар деп санайды. Ол үшін, біріншіден, ағылшын, француз, және испан тілдерін меңгеру, сондай-ақ, 5 жылдай мамандық бойынша тәжірибесі болу керек. Арнайы құжаттарды толтырғаннан кейін, БҰҰ Мыңжылдықтар Даму Декларациясы бойынша, қай мемлекеттің дамуы үшін қандай мамандар жетіспейді, соған байланысты іріктеу жүргізіп, еріктілер қатарына алады. Сондай-ақ, еріктілер туралы қосымша ақпаратты оның аймақтық кеңселерінен білуге болады.