АСТАНА: Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мәлімдегендей, президент Н.Назарбаев әлі нақты белгіленуге тиісті уақытта Иранға сапарға барады. Ол туралы бүгін Астанада Қ.Тоқаев пен Иран сыртқы істер министрі Манучер Моттақидің келіссөзінен соң ақпарат агенттіктері хабарлады. Қазақ министрінің атап көрсетуінше, Н.Назарбаевтың Иранға алдағы сапары екі елдің қарым-қатынасын жаңа белеске көтеруге тиіс. М.Моттақи - Иран мен Қазақстанның үкіметаралық экономикалық комиссиясының жұмысына қатысу үшін Астанаға бүгін келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы