Accessibility links

Түркіменстандағы президенттік сайлаулар өтетін мерзім алдағы сейсенбіде белгілі болмақ


Түркіменстанның президенті міндетін атқарушы Бердімұхамедовтың мәлімдеуінше, алдағы сейсенбіде президенттік сайлау өткізілетін күн белгіленеді. Сайлау мерзімін Түркіменстан Халықтық кеңесі өзінің желтоқсанның 26-сында өтетін мәжілісінде жарияламақ екен. Бұл жөнінде Құрбанқұли Бердімұхамедов былай деді:

– Бүгін Түркіменстан қауіпсіздік кеңесінің, парламенттің және министрлер кабинетінің төтенше сессиясы болды. Бұл бас қосуда біздің аса қымбатты Түркіменбашы, Түркімен халқының сүйікті ұлының мезгілсіз қазасына орай ұйымдық мәселелер талқыланды.

Халықтық кеңесте Сапармұрад Ниязовтың кезінде өзі таңдаған 2000 өкіл бар. Бірақ әзірше президенттіктен үміткерлерді қалай таңдау мәселесі беймәлім қалып отыр. Түркіменстанда президенттік сайлау соңғы рет осыдан 14 жыл алдын, 1992-жылы өткен. Еуропа одағы Түркіменстаннан халықаралық нормаға сай саяси реформа жасалуын қалайды.
XS
SM
MD
LG