БАҒДАД: Кеше Бағдад қаласында тағы зор жарылыс болды. Қаланың сауда орталығында бомба орнатылған автокөлік көкке ұшып, одан 9 адам қаза болды және 11 кісі түрлі жарақат алды. Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында ағылшын әскері мен Ирақ жауынгерлері жергілікті полицияның ауыр қылмыстарға қарсы күресетін арнаулы бөлімшесін қарусыздандырды, оның барысында 7 адам қаза тапты. Ағылшын күштері өкілінің мәлімдеуінше, бұл бөлімше “нағыз қылмыстық топқа айналды”. Өткен тәулікте Ирақта тағы 3 АҚШ жауынгері мерт болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы