Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Асылбек қажылықта жүрген қазақстандықтар арасында 4 адамның өз ажалымен қайтыс болғанын айтады. Ол көз жұмғандарды оған дейін әртүрлі аурулар мазалаған дей келіп, бұл жерде дәрігерлердің дәрменсіз болғанын айтады.
- Оның төртеуі де жастары келген кісілер. Арасында жасы 80-нен асқан Сайрам ауданының өзбек ақсақалы да болды. Ол ауа райын көтере алмауына байланысты жүректен қайтыс болды. Ажалы келіп тұрса, оған ешкім еш нәрсе жасай алмайды деп ойлаймын. Дәрігерлер де қарап шыққан ақсақалды, - дейді Оңғар қажы Асылбек.
Сондай-ақ, Оңғар қажы Асылбек қайтыс болғандардың 3-і ер, 1-і әйел адам болғандығын да жеткізді. Ал қайтыс болған ер адамдардың бірі 72 жасар Ақмолда Асанбеков те Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Оның күйеу баласы Есбол қайын атасының өлімін көзі көрмесе де, Ақмолда мырзаның өз ажалымен өлгеніне күмәнданбайтынын айтады. Оның себебін, Есбол сапарға аттанар алдындағы Асанбеков Ақмолданың денсаулығының нашар болғандығымен түсіндіреді.
- Ол қажылыққа бұдан 3-4 жыл бұрын-ақ барғысы келген. Бірақ, біз сәл мазасызданып жүргеннен кейін, «әзірге қоя тұрыңыз» деп тоқтатқан едік. Өйткені, ол кісінің жүрегі ауыратын. Алайда соңғы кездері «өзімді жақсы сезініп жүрмін, қажылыққа барам» деп ниет қылған. Сөйтіп, комиссияның тексеруінен өтіп, жолға шыққан болатын. Енді сонда қайтыс болғандарды жерлейтін «жәннат» деген жерде, мешіттің түбіне жерленді, - дейді Есбол.
Ал Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігіндегі консул Уәлихан Сембекұлының қажылық сапарда қайтыс болғандардың санына қатысты мәліметі басқаша болып шықты.
- Биылғы қажылық жақсы өтті, бәрі дұрыс, ойдағыдай. Бәрі аман-сау келді. Бірақ, екі адам қайтыс болды. Екеуі де туыстарының өтініші бойынша, Мекке қаласында жерленді. Өмір болғасын, жүректері ауырады, қан қысымы көтеріледі. Оның үстіне олар жас емес. Апаттан қайтыс болған жоқ, - дейді Уәлихан Сембекұлы.
Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Асылбек қазақстандық туристер арасында бұдан былай осы сияқты оқиғалардың қайталанбасы үшін туристік компанияларға жаңа ұсыныстардың даярланып жатқандығын да жеткізді.
- Ол жаққа барам дегендердің жасы 70-тен аспауы тиіс. Және денсаулығына байланысты дәрігерлердің анықтамалары дұрыс болғаны жөн. Қазір осы жайында ұсыныстар дайындап жатырмыз. Сонан соң, кейбір адамдарымыз қажылыққа әлденеше рет барған. Оған да шек қоюымыз керек. Мысалы, Сауд Арабиясы өз азаматтарына 3 реттен артық қажылық жасауға рұқсат етпейді, - дейді Оңғар қажы Асылбек.
Қазақстан Мұсылмандары Одағының төрағасы Мұрат Телібеков болса, Діни Басқарманың мұндай ұсыныстарымен келіспейтіндігін айта келіп, мұндай тыйымдар ислам дінінде көрсетілмеген дейді.
- Адам 5 немесе 10 рет барам десе, бара беруі тиіс. Құранда да, жалпы ислам дінінде де бұған тыйым салынбаған. Сондықтан Діни Басқарманың айтып отырғаны ислам дініне қайшы келеді. Жеке адам құқығы тұрғысынан алып қарасақ та, бұл дұрыс емес. Осы мәселені, осы қиыншылықты басқа жолмен шешу керек. Ең біріншіден, қажылыққа баратындар санын арттыру үшін Сауд Арабиясы елшілігімен келісім жасау керек, - дейді Мұрат Телібеков.
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының мәліметінше, биыл Қазақстаннан 2740 адам қажылыққа баруға өтініш білдірген. Алайда оның 30-ы визаның ашылмай қалуы себебінен жолға шыға алмай қалған.