Осы жақын күндері Мазари-шарифте бірнеше әйел өздерінің жеке дүкендерін ашты, онда қыз-келіншектердің косметикалық опа-далаптарынан бастап, басқа да бірқатар заттар сатылады. Бұл, әрине, көптеген жылдар бойына әйелдердің жұрт алдына шығып, көпшілік көзіне түсуіне тиым салынып келген Ауғанстан үшін ерекше жағдай. Сонымен қатар мұның өзі осыған дейін тек ерлер ғана атқарып келген салаларға енді қыз-келіншектердің де араласа бастауына бағытталған алғашқы қадам деуге болады.
Өз жеке дүкендерін ашқан әйелдердің бірі Бибі Роғия былай дейді:
- Мүмкін адамдардың бір 10 проценттейі ғана әйелдердің мұндай шаруамен айналысуымен келіспейтін шығар, ал қалған көпшілік 90 проценті бізді құптап, қолдау көрсетуде. Әйелдердің көпшілігі бақытты, олар үлкен жекеменшік дүкендерін ашқылары келетіндігін айтады.
Әйелдердің кейбірі ер сатушыдан гөрі өздері сияқты әйел сатушылардан керек заттарын сатып алудың өте ыңғайлы екендігін айтады. Әйелдердің мұндай кәсіпкерлікпен айналыса бастауын ерлер де құптап отыр. Мазари-шарифтің тұрғыны Уакил Ахмад айтады:
- Мен сатушылық жасап тұрған екі әйелді көрдім, олар тым бақытты, түрлері жайнап тұрды. Мен бұған қуаныштымын, бұл өте жақсы қадам. Біз көптеген әйелдің осындай кәсіпкерлікпен шұғылданғанын қалар едік, бұл олардың өмірін жеңілдете түсерi анық.
Десек те бұл жобаға сын айтушылар да бар, бірақ ол соншалықты көп емес, демек жобаны тоқтатып қоярлықтай кедергі бола алмайды.
Қаладағы мешітте ғибадат етушілерді бастаушы Ахмад Шах Ансари әйелдердің дәстүрлі ислам киімдерін кимей, ел алдына шығуы, елдің көзіне көрінуі дұрыс емес дейді:
- Қазіргі жағдайда әйелдер дүкен ашуы тиіс емес. Шариғат заңдары бойынша әйелдер мен ерлердің кәсіппен айналысуы үшін олардың исламдық дәстүрлі киім киюі шарт делінген. Міне осы талапқа сай мұнда әйелдер дүкендерін аша алмайды.
Ауғанстанның әйелдер ісі жөніндегі министрлігінің өкілдері өз жеке кәсібін ашып, жұмыс істейміз деген әйелдерге көмектесетіндіктерін айтады. Министрлік қызметкері Карими Салик алдағы айларда тағы да көптеген дүкендер ашу жоспары бар дейді.
- Мазарда әйелдер кәсіппен айналысуға мұрсат алды. Бамиянда да әйелдер өз дүкендерін ашуда. Барлық аймақтан келген әйелдер өздері сияқты әйелдер сатып жатқан заттарды таңдап, ішінен қалағандарын сатып алып жатыр. Біз 34 провинцияда да осындай орындар ашқымыз келеді, әрине, қауіпсіздік жақсы болған жерлерде. Кабулда көптеген әйелдер дүкен ұстайды.
Саликтің айтуынша, мұның барлығы да Талибан режимі кезінде көп қысым көрген әйелдерге еркіндік беру жолында жасалып жатқан қадамдар.
Ол сондай-ақ бұл жобалар әйелдерге отбасылық зорлық-зомблық көрсетілу жағдайларын да азайта түседі деп сенеді.
Ауғанстанның оңтүстік аймақтарынан гөрі Мазари-шарифте әйелдер көбірек бостандыққа ие. Мазари-шарифтегі «Азаттық» радиосының тілшісіне сұхбат берген ауған әйелдері аталған жобалар өз замандастарын батылдыққа бастап, болашақтарына деген үміттерін оятқандарын айтқан.