Рахат Әлиевтің сотқа шағымданып, ар-ожданын қорғап жатқандығы туралы ақпартты агенттіктер сәрсенбі күні тарата бастады. «Нұрбанктың» бұрынғы төрағасы Әбілмәжін Ғылымовтың әйелі Нәзира Базарбаева мен банк төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жолдас Теміралиевтың зайыбы Армангүл Қапашева сотқа түскен шағым туралы хабардар болып отыр екен. Алайда, олардың екеуі де өздерін кінәлі санамайды.
«Естідім, бағана интернеттен көрдім, маған шағымданып жатыр екен. Бірақ, менің ойымша, менің айтқандарымда да, президентке жазған хатымда да - басынан бастап аяғына дейін бір де бір сөз өтірігі жоқ. Егер Рахат өтірік десе, менің алдыма Жолдасымды әкеп көрсетсін. Егер Жолдас өз аузымен «ол өтірік» деп айтса, мен сонда ғана өзімді кінәлімін деп санаймын. Әуелі Жолдас келсін, сосын көреміз», - деді Армангүл Қапашева «Азаттық» тілшісіне.
Ал Әбілмәжін Ғылымовтың зайыбы Нәзира Базарбаева ханым:
«Біз ол мәселе жайлы өз адвокаттарыммен бек келіспейінше, ешкімге ештеңе айта алмаймыз», - деп қысқа қайырды.
Рахат Әлиевтің соттағы жақтаушысы Любовь Балмағамбетова әлгі арыздың сотқа сейсенбі күні берілгенін айтты.
«Сот қашан болатынын айта алмаймын, оны соттің өзі шешеді. Ал арыз кеше берілген. Басқа ешқандай түсініктеме бере алмаймын, бәрін сот барысында естіп, біле аласыздар», - деп жауап берді Рахат Әлиевтың жақтаушысы Любовь Балмағамбетова ақпанның 14-күні «Азаттық» радиосына.
Алматыда 5-ақпан күні «Нұрбанк» төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жолдас Теміралиевтың зайыбы Армангүл Қапашева мен банктің бұрынғы төрағасы Әбілмәжін Ғылымовтың әйелі Нәзира Базарбаева өздерінің күйеулерін осы банк акционерлерінің бірі болып табылатын Рахат Әлиевтің адамдары белгісіз жерде, еркінен тыс ұстап отыр деген мәлімдеме таратқан болатын. Сонымен қатар, Теміралиевтың жары Армангүл, 18-ақпан күні өз үйлерінен іссапармен бюасқа қала ұшпақ болып кеткен Ғылымов пен Теміралиевті әуежайға жеткізбекші болған автокөлік оларды қала маңындағы жеке моншаға апарып, еркінен тыс қамауда ұстағанын хабарлаған еді. Армангүл ол жайында 19-қаңтарда үйіне оралған жұбайынан естігенін баспасөз өкілдері үшін өткізген брифингте жария еткен-ді.
«Түні бойы ол кісендеулі ұйқысыз өткізіпті және оны оқтын-оқтын Рахат Әлиевтің өзі ұрып-соғып, тапанша кезеп, Алматының орталығындағы «Кең Дала» бизнес орталығы ғимаратын оның айтқан адамдарына сатуын талап етіп, осыған септігі тиеді деген Теміралиевтің таныс адамдарына телефон шалдырумен болыпты» - деп мәлімдеген болатын Жолдас Темірәлиевтың зайыбы Армангүл Қапашева.
Ал 22 қаңтарда «Кең Дала» бизнес орталығы жаңа иелеріне қазіргі нарықтағы бағадан арзанға сатылған. Бұдан кейін Темірәлиев пен Ғылымов өз еріктерімен банк қызметінен кету туралы арыз жазады. Бірақ, қаңтардың 31-күні банктың жаңа басшыларымен кездесуге кеткен Теміралиев содан әлі күнге өз үйіне оралмай, із-түссіз жоғалып отыр. Ал алғашқыда үй қамауында болған Ғылымовты қазір қаржы полициясы қамап, тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. Осы оқиғаларға байланысты Алматы қаржы полициясының төрағасы Владимир Курбатов 6-ақпанда: «әйелдердің таратқан ақпараттары шындыққа жанаспайды, шын мәнінде Теміралиев құйтырқы қаржы әрекеттері әшкереленіп, содан қашып жүр, ал Ғылымов үй қамауында тергеуге алынып жатыр» деп баспасөз мәслихатын өткізген болатын.
Президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев болса, 9-ақпанда президент жарлығымен қайтадан Қазақстан Республикасының Австриядағы және ОБСЕ ұйымындағы елшісі қызметіне тағайындалды. Мұны елдегі бірқатар сарапшылар «Нұрбанк» төңірегіндегі даумен байланыстырса, кейбірі Р.Әлиевтің елшілікке кету мәселесі даудан бұрын шешілген дейді.