АҚШ вице-президенті Дик Чейни кеше Ауғанстан сапарында Баграм қаласында АҚШ әскери базасында жүргенде базаның кіре-берісінде жанкештінің бомба шабуылы жасалды. Дик Чейни бұл сәтте алыста болатын, ол аман қалды. Талибан өкілі нысанаға Дик Чейни алынған еді деп мәлімдеді. Адам шығыны жайында қарамақайшы мәліметтер түсті. Ауғанстан президентінің әкімшілігі 23 адам қаза тапты дейді. Паруан провинциясы әкімінің орынбасары 20 шақты адам қаза тапты, бес адам жарақат алды дейді. АҚШ әскерінің бір сарбазы қаза тапты, Оңтүстік Кореяның бір сарбазы қаза тапты деп ресми айтылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы