Шешенстан парламенті Рамзан Қадыровты елдің президенті ретінде бекітті. 30 жасар Қадыровтың кандидатурасын бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин ұсынған болатын. Ол өткен айда Алу Алханов президенттіктен кеткенде, ел жетекшісі міндетін атқарушы болды. Негізі Рамзан Қадыров осыған дейін өлтірілген Шешенстан жетекшісі Ахмед қажы Қадыровтың баласы. Құқық қорғаушы топтар Қадыровтың күштерін адам құқықтарын бұзып жатыр деп сынап келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы