ВЕНА: Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы – ОПЕК картеліне мүше елдердің министрлері бүгін Аустрия астанасы – Венада жиналады. Хабарға қарағанда, бүкіл дүние жүзіндегі мұнайдың 1/3-інен көбін экспорттайтын ОПЕК картелі күніне 25,8 млн. баррель өндіретін өзінің үйреншікті үлесін мақұлдауға тиіс көрінеді. Осы ұсынысты картельге мүше 12 мемлекеттің ішінен, Ирақ пен оның жаңа мүшесі - Анголаны қоспағанда, 10 мүшесі қолдайды. Сәрсенбі күні Нью-Йорктің халықаралық биржасында мұнайдың 1 баррелі 58 долларлдан қымбатқа сатылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы