Accessibility links

Қырғызстан президенті елдің жаңа прокурорын тағайындау жөніндегі өз жарлығының күшін жойды


Президент Бакиев Елмұрза Сатыбалдиевті елдің бас прокуроры етіп тағайындау жөніндегі бұйрығын қайтарып алды. Президент кеңсесінің айтуынша, жарлықты дайындаған қызметкерлер қателік жіберген. Заңға сәйкес, мұндай қызметке осы салада кемінде 15 жыл жұмыс істеген адам тағайындалуы тиіс. Президенттің баспасөз хатшысы Нұрлан Шакиев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Сатыбалдиевтің еңбек стажы 15 жылға бес ай жетпей қалған дейді. Бұрынғы бас прокурор Камбарлы Конгантиев оппозиция мен адам хұқтары топтарының талап етуімен, қызметінен 19 наурыз күні босатылған еді.
XS
SM
MD
LG