2005-жылғы наурыздағы төңкеріс нәтижесінде президент А.Ақаев шетелге қашып кеткеннен кейін оның орнынан үміткер екі қайраткер - бұрынғы бас министр Бақиев пен бұрынғы ішкі істер министрі, бұрынғы вице-президент, бірақ Ақаев билігі кезінде түрмеге түскен Құлов жетекшілікке келді. Ақыр соңында олар бас кезінде екеуара келісім – тандем арқылы бірі президент болып сайланып, , екіншісі бас министр қызметіне тағайындалғын еді. Бірақ, ол келісім екі жылға жетпестен баянсыз аяқталды.
Феликс Құлов қызметінен кетті. Міне, енді ол Қырғызстандағы оппозиция тізгінін өз қолына алып отыр. Күні кеше өткен біріккен оппозиция форумы кезінде Феликс Құлов президент Бақиевпен ешқандай келіссөздерге отырмаймыз деп мәлімдеді.
Асқар Ақаевтың орнына Қ.Бақиев отырды. Бірақ, халыққа алғаш кезде берілген уәделерін орындай алмады, сондықтан наразылық жиындары, шерулер жалғаса берді. Міне, енді көпшілік кезінде Бақиев уәде еткен реформалардың іске аспағандығына көздері жетіп тағы да наразылық шараларына кірісті.
Өткен жылғы қарашада үкімет алдына келген халық берілген уәдеден нәтиже шықпасына көздері жетіп, енді конституциялық реформаны талап етті. Екі апталық аласапыраннан кейін өзге жолы қалмаған президент Бақиев олар талап еткен өзгерістерді енгізіп парламентке ұсынды, соны күтіп отырған Жоғарғы заң орны бір күнде ол заң өзгерісін қабылдап жібере салды. Бұл бүкіл әлемдік Парламент тарихында болмаған шұғыл шешім болатын.
Міне енді екі аптадан кейін біріккен оппозиция халықты тағы да шеруге шығармақ. Оның болашақ ауыр салдарын байқап отырған Бақиев өткен сенбіде Үкіметтік төңкерістің 2 жылдық мерекесі кезінде өз қарсыластарын тағы да мәмілеге шақырып былай деді:
- Барлығымыз, оппозиция да, парламент те, қараша, желтоқсан айларында эмоция сезімі әсерінде болдық. Енді жіберген қателіктерді түзету керек. Мен жедел жұмысшы топ құрып конституцияға түзету енгізуді қалаймын. Оны парламетке ұсынамын, егер қажет болса, тіпті халықтық референдумға саламын.
Қараша айында Бақиев қол қойған Ата заңда президент билігі біршама шектелген болатын. Бірақ, Жаңа жыл алдында ғана Бақиевтің Парламенттегі қолдаушыларының әрекетімен президенттік билік жөніндегі ол өзгерістер қайта жөнделіп, Бақиев тағы да билік күшін реттеп алды.
Міне енді, өткен жұмада ғана халыққа қайрылып президент Қ.Бақиев:
– Өткен жылғы күрделі саяси күрес нәтижесінде әкімшілік халықпен, саяси күштер және тіпті оппозициялық әсірешіл топтармен өзара ымыраға келе алды, алдағы кезде де халық мүддесі үшін әрекет жасамақпын, - деп, халықтың ойынан шықпақ болды.
Ал өткен жылғы қарашада Реформа үшін қозғалысы Бішкекте үлкен шеру ұйымдастырды. Ата заңдағы шикі түзетулерді сынады. Нәтижесінде оппозицияның біріккен майданы дүниеге келді. Оған бұрынғы бас министр Құлов пен бұрынғы парламент жетекшісі Текебаев жетекшілік етіп отыр.
Олар алдағы сәуір айының алғашқы апталарына бүкілхалықтық шерулер ұйымдастырмақ. Ал мұны сезген Қ.Бақиев:
- Мен кез-келген саясаткермен күн демей, түн демей кеңесуге дайынмын, бірақ ультиматумды, теке-тірестік талапқа көнбеймін, - деп қасарысып отыр.
Біз президент Бақиевтің уәдесіне енді сенбейміз деген Өмірбек Текебаев дүйсенбіде ол қызметтен кетсін деген талабын айтты.
- Бақиев үшін ең шешімді, дұрыс жол осы болады. Егер ол кетпесе, онда азаматтық қауым оны кетуге мәжбүрлейді. Ел тарихында мұндай жағдай болған, - дейді парламенттің бұрынғы төрағасы.
Міне осыдан екі жыл ғана бұрын Асқар Ақаевты қызметтен қуғызып, енді игі өзгеріс, реформалар жасаймыз деп уәде етілген Қырғызстанда соңғы кездері жалғасып отырған саяси шайқастың түрі әзірше осындай болып тұр.