Ресей президенті Владимир Путин ғарыш саласын игеруді жетілдіру қажет, бұл ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қажет, елге экономикалық пайда әкеле алады деді. Путин бұл сөзін кеше үкімет мүшелерімен және аймақ басшыларымен кездескенде айтты. Путин ғарыш технологияларын ел экономикасында кеңірек қолдану керек, осылайша Ресейдің бәсекеге қабылетін арттыру қажет деді. Дегенмен Путин нақты цифр келтірген жоқ, үкімет жағынан бұл мақсатқа жаңадан ақша бөлінеді деп айтқан жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы