Accessibility links

Атырау облысында құрылыс салып жатқан Түрік компаниясының тамақтан жаппай уланған жұмысшылар саны 497-ге жетті


Атырау облысындағы Қарабатан мұнай учаскесінде Аджип мұнай компаниясының тапсырысы бойынша ‘Болашақ‘ атты мұнай өңдей зауытын салып жатқан Түркияның ‘Гате Иншаат‘ құрылыс компаниясының жұмысшылары наурыздың 27- і күні түскі астарын ішкен соң сол күні кешінен бастап жаппай тамақтан улану оқиғасына душар болды. Бұл жөнінде Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің баспасөз хатшысы Наталья Ким дүйсенбі күні радиомызға берген сұқбатында сәуірдің 1-і күнгі кешкі сағат 18-дің жағдайымен тамақтан уланған жұмысшылар санының 497-ге жеткенін хабарлады.

Наталья Кимнің айтуынша қәзіргі жағдаймен тамақтан уланған 131 жұмысшы Атырау қаласындағы ауруқаналар мен емдеу орталықтарында емделіп жатса ал қалған 366 жұмысшы Қарабатан учаскесінде орнаған арнайы оқшаулау орындарында емделіп әрі тексеріліп жатыр.

Соңғы тәулікте денсаулық жағдайы жақсарған 10 жұмысшы ауыруқанадан шығарылған болса ал Қарабатандағы жұмысшылардан 101 адам басқа жаққа ауыстырылып, қосымша дәрігери бақылауға алынды дейді ол.

Атырау обылыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің төрағасы Серік Қайрушев дүйсенбі күні радиомызға берген сұқбатында түрік компаниясында жұмыс істейтін жұмысшылардың осылай жаппай тамақтан улану оқиғасына ұшырауына не себеп болғандығын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылып, іске кіріскендігін хабарлады.

Арнайы құрылған, құрамында Астанадан және Алматыдан келген дәрігери мамандар бар комиссия өз жұмысын оқиға болған жерде жүргізіп жатыр деді ол. Сондай ақ обылыстық төтенше жағдайларды реттеу департаментінің төрағасы Серік Хайрушев тамақтан уланған жұмысшылар санының енді көбеймейтіндігін, қайта ауыруқанада емделіп, денсаулықтары жақсарған жұмысшылардың біртіндеп ауыруқанадан шыға бастағанын айтты. Сондай ақ ол жұмысшылардың дәл неден болып уланғандығы туралы алдын ала шуламай сараптама қортындысы шыққанша күте тұрайық дегенді айтты.

Ал облыстық инфекциялық ауыруқананың бас дәрігерінің орынбасары Сәния Бақтиярова ауыруқанада жатқан жұмысшылардың барлығының тамақтан уланған белгімен жатқанын олардың денсаулық жағдайлары әрқандай екендігін біреулерінікі жеңілдеу болса ал қайсыбірулерінікі орташа екендігін айтты. Қарабатан учаскесінде құрылыс салып жатқан түркиялық және қазақстандық жұмысшыларды түскі аспен қамтамасыз ету жұмысы АСВ Саrtring атты компанияның мойнында болыпты.

Жұмысшылар улану оқиғасына ұшыраған сол күні яғни наурықдың 27-сі күні жұмысшылар түскі астарына қуырылған құс еті мен Түркиядан әкелінген иогурт-айранды ішіпті. Бұл компания бір ретте 2300 жұмысшыға тамақ дайындап тұрыпты. Қәзір зауыт асқанасы жұмысын тоқтатып, жұмысшыларға ас дайындап келген аспазшылар мен олардың көмекшілері дбар барлығы 20 дай адам дәрігери тексеруден өтуде.

Ал оқырмандар есіне сала кетер болсақ өткен жылдың қазан айында және биылғы жылдың қаңтар айында осы Түркияның ‘Гате Иншаат‘ құрылыс компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылар компания басшылығынан өздерінің айлық жалақыларын көтеруді талап етіп жұмыс тастау ереуілдерін өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG