КИЕВ: Бүгін Киевте парламент пен үкіметтегі коалицияны қолдайтындар наразылық шарасын тағы жалғастырады. Ол туралы Жоғарғы Раданың “Аймақтар партиясынан” сайланған депутаты Вадим Колесниченко хабарлады. Оның айтуынша, наразылық шарасы күнде жалғаса береді. Украина президенті В.Ющенко Жоғарғы Раданы тарату туралы жарлығынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Сенбі күні кешкісін теледидардан сөйлеген сөзінде В.Ющенко билік басындағы коалиция бүкіл мемлекеттік билікті басып алуға тырысқан соң, парламенттің құзырын тоқтатқанын атап көрсетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы