Ирақтағы шиитердің радикалды көсемі Моқтада әл-Садр кабинеттегі 6 министріне үкіметтен кетіңдер деп бұйрық берді. Бұл әрекет Бағдадта Махди Армиясы милиция лидерлерінің қамауға алынғандығына қарсылық таныту шарасы ретінде, және елден шетел күштерін шығару мерзімін белгілеу үшін премьер-министр Нури әл-Мәликиге қысым жасау мақсатында іске асырылмақшы. Садр блогындағы екі парламент мүшесінің айтуынша, 6 министр дүйсенбі күні үкіметтен ресми түрде кетеді, ал әл-Садрдың 30 заңшығарушысы парламенттегі жұмысын әдеттегідей одан әрі жалғастырады. Ал бұл арада, Бағдадта орын алған жарылыстардан кемінде 35 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы